Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кардиохирургия емханасында өрт болып, жансақтау бөліміндегі 2 бала қаза тапты

15:10, 12 ақпан 2025 167

 Бішкекте кардиохирургия институтындағы өрттен екі бала мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz  Азаттық радиосына сілтеп.

Мекеме қызметкерлері өрт шығар алдында ғимарат жертөлесінде жарылыс болғанын естіген, одан кейін 3-ші және 4-қабаттарды түтін басып, желдету жүйесі арқылы тарай бастаған деп хабарлады брифингте денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Ота жасалған бірнеше науқас жансақтау бөлімінде жатқан. Солардың екеуі – 1 жас 7 айлық бала мен 16 жастағы жасөспірім өрт шыққан сәтте аппаратқа қосулы болған. 

Оларды көрші ғимаратқа – кардиология және терапия ұлттық орталығына ауыстырған, алайда дәрігерлер екеуін ажалдан аман алып қала алмады деп хабарлады министрлік.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар