Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Кәмелетке толмаған жас қыздардың жалаңаш суретін таратқан". 35 жастағы ер адам ауыр қылмыс істеп сотталды

14:37, 20 қыркүйек 2025 57

Әлеуметтік желіде жасөспірімдердің интим-фотоларын таратқан ер адам сотталды, деп хабарлайды Alash.KZ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Пермь өлкесінде 35 жастағы ер адам кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыстары үшін сотталды. 

Ол әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдермен танысып, зорлық көрсетіп қана қоймай, олардың интим-фотоларын интернетке таратқан.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2022–2024 жылдары күдікті бірнеше жас қызбен хат жазысып, оларды сексуалдық сипаттағы әрекеттерге итермелеген. Ол кәмелетке толмағандардан интимдік суреттер жіберуді талап етіп, өзі де порнографиялық материалдар жолдаған.

Қылмыстық іс бойынша жиналған айғақтар оның кінәсін толық дәлелдеді. Ер адам қылмысын мойындамаса да, сот оны айыпты деп таныды. Сот үкімімен ол 17 жылға қатаң режимдегі колонияға қамалды. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар