Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кадрлық ауыс-түйіс: Оқу-ағарту министрлігінде жаңа басшылар таныстырылды

20:00, 04 қараша 2026

Оқу-ағарту министрлігінде жаңа басшылар таныстырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұжымға Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалған Юлия Овечкинаны және Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған Фариза Дүйсенбаеваны таныстырды.

Министрліктің мәліметінше, екі қызметкер де Оқу-ағарту министрлігі жүйесінде кәсіби жолын жалғастырып, жаңа лауазымдарға тағайындалды. Бұл кадрлық шешімдер меритократия қағидатына сәйкес, ведомство қызметкерлерінің кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін ескере отырып, олардың қызметтік өсуіне мүмкіндік беру тәжірибесінің жалғасы болып табылады.

Юлия Руслановна Овечкина еңбек жолын 2014 жылы Риддер қаласының білім беру жүйесінде бастаған. Өскемен қаласының білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық, балалардың құқықтарын қорғау органының секторын басқарған. 2020 жылдан бастап Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Фариза Сансызбайқызы Дүйсенбаева еңбек жолын 2014 жылы сот жүйесінде бастаған. Орталық мемлекеттік органдардың заң департаменттерінде жұмыс істеген. 2023 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігінде басқарма басшысы, Заң департаменті директорының орынбасары және директоры қызметтерін кезең-кезеңімен атқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар