Бірқатар ақпарат көздері Нұрәлі Әлиевтің соңғы уақытта әлеуметтік желілерде философиялық және мистикалық сипаттағы ойлар жариялап жүргенін жазды.
Желі қолданушыларының айтуынша, ол жазбаларында «матрица», «сананы басқару», «адамзат бағдарламасы» секілді ұғымдарды қолданады. Бұл пікірлер қоғамда әртүрлі реакция тудырған.
Кейбірі оның көзқарасын қолдап, өмірдің мәні туралы ізденіс деп бағаласа, енді бір бөлігі сын пікір білдірген. Әлеуметтік желіде түрлі болжамдар да айтылуда, алайда олардың ресми растауы жоқ.
Енді біреулер "шотымда миллиондар жатса, мен де өмірден мән іздеп кетер едім" деген сыңайдағы пікір қалдырыпты. Әлиевты жындар әлемімен тілдесіп жүр дегендер де табылған.
Айта кетейік, Нұрәлі Әлиев – Нұрсұлтан Назарбаевтің немересі, кәсіпкер ретінде белгілі. Соңғы уақытта ол және әулеттің өзге де өкілдері Еуропадағы қоғамдық іс-шараларда бой көрсетіп жүр.