Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әскерден босату үшін қызмет көрсету». Маңызды! Қорғаныс министрлігі ескерту жасады

17:39, 13 ақпан 2026

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілердегі әскери қызметтен босату немесе мерзімін кейінге қалдыру қызметтерін ұсынатын жарнамаларға қатысты ресми ескерту жариялады, деп жазады Alash.kz.

 Министрлік мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай шешімдерді қабылдау құзыреті тек арнайы шақыру комиссияларына ғана тиесілі.

Министрлік медициналық анықтамаларды қолдан жасау, жалған диагноздар қою немесе әскери міндеттен жалтарудың өзге де заңсыз жолдарын пайдалану ауыр салдарға әкелетінін ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін делдалдармен қатар, әскерге шақырылушылардың өздері де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қорғаныс министрлігінің хабарламасында азаматтарға арналған үндеу де қамтылған: «Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы «мәселені шешіп беруге» кепілдік береміз деп, азаматтарды жаңылыстыратын «әскери комиссариаттардың көмекшілерінің» айла-шарғыларына алданбауға шақырады».

Қазіргі уақытта құзырлы органдар заңсыз қызмет ұсынатын делдалдарды анықтау және олардың жолын кесу бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар