Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қашан да адам болып қал!". Геннадий Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты ағалық кеңесін айтты

09:48, 14 ақпан 2026

Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Головкиннің айтуынша, бұл жетістік – қазақстандық мәнерлеп сырғанау мен ел спорты үшін маңызды тарихи оқиға. Ол 32 жылдан кейін қысқы Олимпиадада Қазақстанның мемлекеттік әнұраны шырқалып, көк туы көтерілгенін атап өтті.

ҰОК басшысы спортшының жоғары шеберлігін, табандылығы мен мінезін ерекше атап, бұл жеңіс жас спортшыларға үлгі болатынын жеткізді. Сондай-ақ Шайдоровқа мықты денсаулық пен жаңа белестер тіледі.

Еске салсақ, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сырғанаудан алтын медаль жеңіп алды. Ол 1994 жылдан бергі Қазақстанның қысқы Олимпиададағы алғашқы чемпионы атанды. 1994 жылы Владимир Смирнов 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасында алтын жүлде иеленген болатын.

“Сен енді олимпиадалық отбасының мүшесісің. Осыны мақтан тұт”, – деді Головкин Шайдоровқа.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар