Белгілі журналист Руслан Өтепбай Атыраудағы жағдайға қатысты пікір айтып, журналистік зерттеу жүргізгенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Айдын-күннің аманында із-түссіз жоғалған Қарабалиндерді бүкіл ел боп іздедік. Бірақ 6 қаңтар күні ауладағы сарайдан ерлі-зайыптының өлі денесі табылды. Ал олардың балаларынан әлі күнге дейін хат-хабар жоқ.
Руслан Өтепбай мен шығармашылық топ қанды оқиғаның ізімен жүріп, жаңа деректер анықтау үшін Атырау қаласына аттанып, журналистік зерттеу жасады.Басты сұрақ: Үйдің ұлы мен қызы қайда кетуі мүмкін? Олар тірілердің қатарында бар мa? - деп жазды журналист.