Қазақстан құрамасы қысқы Олимпиада ойындарында 30 жылдан кейін алтын жүлдеге қол жеткізді. XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи жеңіске жетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Италияда өткен додада ол еркін бағдарламада 198.64 ұпай жинап, екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 291.58 ұпаймен көш бастады. Осылайша Қазақстан мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанды.
Күміс жүлде жапониялық Юма Кагиямаға (280.06 ұпай), қола медаль Шун Сатоға (274.90 ұпай) бұйырды. Жарысқа барлығы 24 спортшы қатысты.
Шайдоров еркін бағдарламасында бес төрттік секіру элементін сәтті орындады. Бұл мәнерлеп сырғанаудағы ең күрделі элементтердің қатарына жатады.
Бұған дейін Қазақстанның қысқы Олимпиададағы соңғы алтыны 1994 жылы тіркелген еді. Владимир Смирнов 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасында чемпион атанған болатын. Ал 2014 жылы Денис Тен 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында қола жүлде иеленген.
Қазақстан Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыны тарихи жетістігімен құттықтап, бұл жеңіс ел спорты үшін маңызды кезең екенін атап өтті.