Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Елмен араласпаған". Павлодарда Атыраудағыдай оқиға қайталанып, қатар тұрған екі үйден бірнеше уақыт бұрын өлген екі адамның мәйіті табылды

14:09, 14 ақпан 2026

Павлодар облысында екі үйден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Павлодар облыстық полиция департаменті Павлодар облысында көрші орналасқан екі үйден екі адамның мәйіті табылғанын растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Майқайың кентінде болған. Табылған адамдардың бірі шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын көз жұмған болуы мүмкін деген болжам бар.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіттердің бірі қарт әйелдің үйінен, екіншісі көрші үйден табылған. Бейресми мәліметке сәйкес, олар сол әйелдің туыстары болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, аталған отбасы жұртпен көп араласпаған. Қарт әйелмен бірге кәмелетке толмаған немересі тұрғаны айтылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар