Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сарказммен, эмоциямен жаздым»: Депутат Самат Нұртаза қазақ тілі туралы пікіріне қатысты мәлімдеме жасады

16:31, 13 ақпан 2026

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желілерде резонанс тудырған қазақ тілі туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Nege.kz порталына сілтеме жасап. 

Интернет кеңістігінде депутаттың «қазақ тілі — кедейлердің, сіңірлердің, тачка итерушілер мен официанттардың тілі» деп жазған пікірінің скриншоты тарап жатыр.

Аталған мәліметтің анық-қанығын депутаттың өзі түсіндірді. Самат Нұртаза бұл жазбаның бірнеше жыл бұрын жазылғанын растап, оның мән-жайын былай деп айтты:

«Бұл пікірді мен 2019–2020 жылдары эмоцияға беріліп, ашу үстінде және сарказммен жазған болатынмын. Біреулер бұл сөзді контекстен жұлып алып, мағынасын бұрмалаған. Бұл скриншот жыл сайын дерлік қайта шығып отырады».

Сонымен қатар халық қалаулысы осы мәселеге байланысты бүгін ресми мәлімдеме жариялауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар