Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырып, бар мүлкін тәркіледі»: Бишімбаевтың анасы сотта жеңіп шықты

18:18, 13 ақпан 2026

Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Бишімбаеваның туысына қатысты берген талап арызы бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұған дейін А. Бишімбаева өз туысы Бекзат Кемелованы 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырды деп айыптаған болатын.

Сот үкіміне сәйкес, Б. Кемелова кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар сотталған азаматшадан 500 миллион теңге көлеміндегі өтемақы өндірілді. Мұнымен қоса, келтірілген шығынды өтеу мақсатында құны 45 миллион теңге болатын бір пәтердің құны өндіріліп, тағы бір жылжымайтын мүлік нысанын тәркілеу туралы шешім қабылданды.

Сот отырысы барысында үкім жарияланған сәтте сотталушы Б. Кемелованың психологиялық жағдайы тұрақсыз болып, эмоционалды күй кешкені байқалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар