Әнші Дастан Оразбек басынан өткен қиын кезеңді еске алды, деп хабарлайды, Alash.kz.
Ол бұл туралы журналист Әйгерім Сейфолла қызына берген сұхбатында айтты.
”Жаман өмірге салынып, адасқан кезім болды. Кім қалай түсінсе де, бәрібір. Ол кезді ашып айтқым келмейді. Менің басымнан кешкен кезеңді қазір көп адам өткеріп жатыр. Басында жариялап айтсам ба деген ой болған. Бірақ мен оны әлі жария қылуға дайын емеспін. Реті келгенде айтармын. Бірақ сол, менің басымнан өте бір қиын жылдар өтті. Анам сол кезде: “Балам, қазір 24 сағат уақытым сені уайымдаумен өтіп жатыр. Тілеуім сенің дұрысталуың”,- деді. Сол сөз жаныма қатты батты”,- деді әнші Дастан Оразбеков.