Таңертеңгі сағат 8:00 шамасында Алматының Бостандық ауданындағы 98 бағытындағы автобуста тағы бір жанжал болды, деп хабарлайды Алматы қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
38 жастағы жолаушы автобус жүргізушісіне дене жарақатын келтірген.Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.
Күдікті өз қорғауында жұмысқа кешігіп, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Осы себепті жанжал туындағанын айтқан.
Видеоны осы сілтемеден көрсеңіз болады: https://t.me/alashkaz/1236