Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жүргізушіні күні-түні жұмысқа жеккен". Санкт-Петербургте өзенге батқан автобус оқиғасына қатысы бар күдікті ұсталды

11:19, 12 мамыр 2024 493

Санкт-Петербургте көпірден құлап, өзенге батқан автобус оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар деп шүбәланған азамат ұсталды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Жолаушылары бар автобустың Мойка өзеніне құлауы салдарынан жолаушылардың қаза болу дерегі тіркелді. Бұған байланысты Санкт-Петербургтің тергеу органдары қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр:

"Күдікті есебінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастырған "Такси" ЖШҚ автоколоннасының бастығы ұсталды. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған адамға Еңбек және көлік тәртібінің, оның ішінде "Такси"ЖШҚ-да еңбек қызметін жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылау міндеттері жүктелді. Тергеу мәліметтері бойынша, өзенге құлаған автобустың жүргізушісі бірнеше күн бойы қажетті демалыс уақытымен қамтамасыз етілмеген", - деп хабарлады құзырлы мекеме өкілдері.

Естеріңізде болса, біз Қазақстанның тумасы Ерхан Ахановтың Санкт-Петербург қаласында көпірден құлап, суға батып кеткен автобус жолаушыларына көмек көрсеткенін жазғанбыз. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Еске сала кетейік,  10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап,салдарынан жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Тергеу комитеті жүргізуші автобустан алғашқылардың бірі болып шыққанын хабарлады. Ол кейіннен ұсталды. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар