Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жоғарыдағы таныстарым арқылы бәрін шешім беремін". Жамбыл облысында алаяқ әйел жәбірленушінің 1,2 миллион теңгесін алып кеткен

19:08, 17 қаңтар 2026

Жамбыл облысында өзін адвокатпын деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген алаяқ әйел әшкереленді. Ол «жоғары жақтағы таныстары арқылы мәселені шешіп беремін» деген желеумен жәбірленушіден ірі көлемде ақша алмақ болған, деп жазды Alash.kz. 

Тергеу деректеріне қарағанда, 39 жастағы күдікті 31 жастағы әйелге туысының ісін «қорғап», заңгерлік көмек көрсетемін деп уәде берген. Алайда оның басты мақсаты – жәбірленушінің ақшасына алып алу болған.

Алғашында жәбірленуші «қызметі» үшін алдын ала 1,2 миллион теңге төлеген. Кейін күдікті түрлі лауазымды тұлғаларға сілтеме жасап, «мәселені түбегейлі шешу үшін» қосымша қаражат сұрай берген. Осылайша, берілген ақшаның жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеге жеткен.

Уәде етілген көмекті көрмеген соң, жәбірленуші алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, құқық қорғау органдарына жүгінген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысының полицейлері күдікті әйелді және оның 45 жастағы сыбайласын қолға түсірді.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ұсталған тұлғалардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар