Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жоғары нәтиже! 100 пайыз грант: Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант жеңіп алды

16:05, 10 тамыз 2026

Астанадағы №9 «Зерде» мектебінің биылғы 65 түлегінің барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін білім гранттарына ие болды, деп жазады Alash.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 42 түлек мемлекеттік білім гранттарының иегері атанды. 

Тағы 9 түлек Назарбаев Университетіне оқуға түсті, ал 14 түлек әлемнің ТОП-50 үздік жоғары оқу орнының қатарына кіретін шетелдік университеттерде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, мектеп түлектерінің грантқа түсу көрсеткіші 100 пайызды құрады.

Мектеп ұжымының айтуынша, бұл жоғары нәтиже – оқушылардың жүйелі дайындығы мен ұстаздардың кәсіби еңбегінің нәтижесі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар