Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жоғары жылдамдықпен қағып кеткен». Қайғылы жағдай: Қарағандыда 20 жасар бойжеткен қаза болды

14:10, 24 мамыр 2026

Қарағанды қаласында түнде орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 2006 жылы туған студент бойжеткен оқиға орнында тіл тартпастан кетті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оқыс жағдай Университет көшесінің бойында, Қарағанды мемлекеттік университетінің (ҚарМУ) жатақханасына жақын маңда тіркелген. Жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан бойжеткенді жоғары жылдамдықпен келген «Лада» маркалы автокөлігі қаққан. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан зардап шегуші дәрігерлер жеткенше жан тапсырды.

Қазіргі уақытта аталған қайғылы жағдайға байланысты құқық қорғау органдары тиісті тергеу амалдарын бастады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар