Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жоғары бағалаймыз”: Лукашенко Назарбаевты туған күнімен құттықтады

17:19, 06 шілде 2026

Беларусь президенті Александр Лукашенко 86 жасқа толған Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, деп жазады Alash.kz.

«Сіздің есіміңіз заманауи Қазақстан тарихында айрықша орын алады. Стратегиялық көзқарасыңыздың, саяси даналығыңыздың және көпжылдық қажырлы еңбегіңіздің арқасында елдің тұрақты дамуы мен ілгерілеуінің берік негізі қаланды»,- делінген құттықтауда.

Лукашенко Беларусь елінде Нұрсұлтан Назарбаевтың екі мемлекет арасындағы достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі жеке үлесін жоғары бағаланатынын атап өтті.

«Сіздің тікелей қатысуыңызбен қалыптасқан өзара сенім мен сындарлы ынтымақтастық дәстүрлері бүгін де Беларусь пен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың сенімді іргетасы болып отыр»,-  деді Президент.

Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақ-береке және туған-туыстары мен жақындарының ортасында ұзақ ғұмыр кешуін тіледі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар