Боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Нұрбектің финалдағы жеңілісінен кейін бапкері маңызды ойын айтты.
"Жеңілісті біз біреуден көрмейміз. Бұйырмай тұр екен. Жұрттар жігіттер шаршаған дейді. Айтарым, жігіттер шаршаған жоқ, барын салды. Ешкім жеңісті қолдан берген жоқ. Жігіттерге бұл сабақ. Жігіттер мықты болуға тырысады. Қазақ боксы қайтадан аяқтан нық тұратынына сенімдімін" деді Айтжанов Парижде журналистерге.
Нұрбек Оралбай жеңілісіне көңілі түсті. Медалін таққан бойда шешіп тұғырдан түсіп әрі кетіп қалды.