Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жеңіл жүрістілерден ауру бала туады". Тосын мәлімдеме жасаған блогер Қостанайда төбелесіп қалды

22:17, 16 сәуір 2026

Желіде бұған дейін «жеңіл жүрістілерден ауру бала туады» деген даулы мәлімдемесімен танылған блогер тағы да жанжал ортасында қалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ақпаратқа сәйкес, ол Қостанай қаласында бір қызды соққыға жыққан. Полицияның мәліметінше, екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында басталған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция мәліметінше, барлық қатысушы оқиға орнында ұсталып, бөлімшеге жеткізілген.

“Алдын ала анықталғандай, екі қыз арасындағы жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде басталған. Кейін кездесу барысында дау төбелеске ұласқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесіне қарай әр қатысушының әрекетіне заңға сәйкес баға беріледі”, – деді Қостанай облысы ПД баспасөз хатшысы Индира Нуруева.

Сондай-ақ, блогер полиция бөлімшесінен видео жариялағаны белгілі болды. Алайда кейін бұл жазбаны өшіріп тастаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар