Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жекпе-жекке дайындалып жатыр": Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының атынан БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады

15:26, 26 тамыз 2024 2024

Бүгін Алматыда кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың тарапы өзіне тағылған айып бойынша баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Оның анонсын 24 тамыз күні боксшы Жанқош Тұраровтың өзі жасаған болатын. Бірақ, бүгінгі пресс-конференцияға Тұраровтың өзі келген жоқ. Бұл туралы Azattyq Rýhy ақпараттық порталы жазды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

«Жанқош Тұраров кәсіби бокста жеңіліс көрмеген боксшы. Қазір ол күнделікті жаттығып, жақында болатын жекпе-жекке дайындалып жатыр. Осыған байланысты Жанқоштың сұрауы бойынша мен сіздермен тілдесіп, сұхбат беремін», - деді өзін таныстырған адвокат Самат Момытов.

Естеріңізге салайық, танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева Azattyq Rýhy редакциясын сұхбатқа шақырып, боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын айтып берген еді.

21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекті зорлады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Әнаруды бір ай бұрын белгісіз біреулер Қонаев қаласында зорлағаны туралы қауесет тарады. Оқиға төртінші шілде күні болған. Қыз полицияға өзі арызданған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?