Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жазатайым оқиға болды". Наурыз қарсаңында сахнаны әрлеймін деп қаза тапқан марқұмның туыстары пікір білдірді

11:12, 22 наурыз 2025 258

Наурыз қарсаңында жезқазғандық азамат қаза тапты. Оның қазасына қатысты туыстары пікір білдіріп, «жазатайым оқиға болғанын» жеткізді, деп хабарлайды  Alash.kz.

Жезқазған қаласы, Алаш алаңындағы Наурызға арналған сахнаны дайындау кезінде кәсіпкер Жанис-Лаурис Вильчинскас үш метр биіктіктен құлады, салдарынан көз жұмды. Мұндай ақпаратты «Патриот» telegram-арнасы таратты.

Бұған қатысты etozhez парақшасы жаңа дерек бөлісті. Постты жариялағаннан кейін марқұмның отбасы бізге хабарласып, жезқазғандықтарға үндеу жасады.

«Менің күйеуім Жанис-Лаурис сахнаны монтаждаумен айналысқан жоқ, мұны басқа адамдар жасайды. Ол жігіттермен тек сахнаны безендірумен айналысты. Ол келген кезде безендіру жұмыстары аяқталып қалды. Баннерлер әдетте жерде бұрап бекітіліп, содан кейін шығыр көмегімен жоғары көтеріледі.

Бұл қауіпті емес. Жігіттерге баннерлердің бүйірлерін бекіту қалған еді. Менің күйеуім оларға көмектеспек болды.

Жай ғана төменірек тұрып бекіту оңайырақ боларына қарамастан оның қатты еңкейгенін көрсететін фотосурет бар. Бұл оқыс оқиға болды.

Біз бұл оқыс оқиғада ешкімнің кінәсі жоқ деп санаймыз. Жанис көптеген жылдар бойы мерекелік іс-шараларды безендіруге қатысқан. Және бұған кейде тіпті ақша алмайтын. Ол адамдарды және бұл қаланы жақсы көрді. Көп жақсылық жасады және оның жарқын бейнесі үшін ешкімді кінәламауды сұраймыз. Осы мерекеде рухы қасымызда болсыншы деп тілейміз.

Көптеген адамдар қайғымызға ортақ, оның ішінде біздің қала әкімі, болған оқиғаға кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, мәдениет бөлімінің басшысы болған жағдайға тез ден қойды, ол жедел жәрдем шақырып, көптеген дәрігерлерге қоңырау шалды. Ол бізге осы уақыт бойы көмектесті, қасымзда болды және қазір бізге көмектесуді жалғастырып жатыр. Постта жазылған сөздер шындыққа жанаспайды. Ол қайғымызға ортақ».

Әкімдік Вильчинскастың жақындарына оны ауруханаға апаруға көмектесті, моральдық және материалдық тұрғыдан қолдау көрсетті, ал қазір аппарат қызметкерлері мен қала тұрғындары отбасына жерлеуді ұйымдастыруға көмектесіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар