Семейде соңғы 9 жылда болмаған толассыз жаңбыр жауды. Нөсер салдарынан бірнеше сағатқа созылған кептеліс түзіліп, ғимараттар зақымданды. Қатты соққан жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Семей қаласында жауған толассыз жаңбыр салдарынан бірнеше аудан жарықсыз қалды. Семей қаласының әкімдігі аталмыш құбылыс жайлы хабарлады.
Мамандардың айтуынша, бір сағат бойы үздіксіз жауған нөсер жауын 1 айлық мөлшерден асып кеткен.
Коммуналдық қызметкерлер 1 түнде 7 мың текше метрден астам су сорды, тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр.