Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жау алыстан келмейді… Құдайдан неге қорықпайсыңдар?”: Айгүл Иманбаеваның жазбасы елді алаңдатып қойды (ВИДЕО)

21:08, 22 маусым 2026

Әнші Айгүл Иманбаева желідегі парақшасында жаға ұстатарлық бейнежазба жариялады, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесінің сөзінше, үйінің маңынан сиқырланған заттар табылған.

"Жаудың алыстан келмейтінін жақсы білемін.Мына сұмдықты кеше таптық, 1 жылдан бері әлі жалғасуда. Адамды осыншалықты жек көруге,қызғануға бола ма? Құдайдан неге қорықпайсыңдар? Мұның бәрін кім жасап жатқанына дейін біліп отырмын ғой, жүрек бәрібір де сезеді. Неге өздеріңді, болашақ ұрпақтарыңды  ойламайсыздар? Аттарыңды аттап, түстеріңді түстемей- ақ қояйын. 21 ғасырда өмір сүріп жатқан жоқсыздар ма, сендер қай ғасырда қалып кеткенсіздер?", - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар