Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жат ағым өкілдері". Мешітте ортақ намазды екі түрлі оқыған азаматтар тағы жаға жыртысып, айғайласты

16:32, 18 мамыр 2024 1327

Мешітке жиналған жамағат арасында тағы да дау туындап, ер азаматтар төбелесе жаздады. Желіде жайылған видеода оқиғаның қай мешітте болғаны айтылмаған. Бірақ,өзара шекіскендердің жағдайы анық баяндалған, деп хабардайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Намазға жиналған жұрттың бір бөлігі жаппай сәждеге жатқан. Ал, бірнеше ер адам намазды талтайып тұрып оқып, сәждеге иілмеген көрінеді. Мұны байқағанда өздерін Әбу Ханифа мәсһабында екендерін айтып, намазды ережеге бағындай оқыған ер адамдарды "жат ағым өкілдері" деп айыптап, видеоға түсірген.

Бұған қатысты Мәжіліс депутаты, саясаткер Мұрат Әбенов пікір білдіріп, шұғыл шара қабылдауға шақырды: 

Діни бүлікшілердің артында кім тұр? Соңғы күндері теріс ағым топтасқан бүлікшілері мешіттерге араңдату мақсатымен жүйелі түрде дау дамай қақтығыстар ұйымдастырып жатыр. Заңды түрде шара қабылдамаса ертең кеш болады, - деді Мұрат Әбенов.  
 
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 12 мамыры, кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешітте діни сенім өкілдері жаға жыртысты. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзғаны хабарланды. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзып, дау шығарған.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар