Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жасартатын екпе қабылдаған”. Баршаға белгілі танымал актриса ауыр жағдайда көз жұмды

12:00, 30 маусым 2025 988

Үндістандық танымал актриса және модель Шефали Джариваланың жүрегі токтап, көз жұмды. Бұл туралы Indian Express басылымы хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, 27 маусым күні күндіз 42 жастағы актриса соңғы жылдары тұрақты түрде қолданатын жасартатын препараттың екпесін қабылдаған. Алайда сол күні түнде оның жағдайы күрт нашарлап, қан қысымы төмендеп, денесі дірілдей бастаған. Туыстары жедел жәрдем шақырып, актрисаны дереу ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірден өткенін растады.

Басылым дерегінше, Джаривала неврологиялық дертпен сырқаттанған және арнайы ем қабылдап жүрген. Сонымен қатар, қайғылы жағдай орын алған күні ол үйінде діни рәсім – пуджа өткізген. Осыған байланысты актриса ауыз бекіткен, бұл да аш қарынға қабылданған дәрі-дәрмектердің ағзаға кері әсерін күшейтуі мүмкін.

Қазіргі уақытта полиция актрисаның үйінен бірқатар дәрі-дәрмек заттарын тәркілеп, істі “кездейсоқ өлім” ретінде тіркеді. Қайтыс болу себептері толықтай токсикологиялық сараптама нәтижесінен кейін белгілі болмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар