Алматы қаласында 35 жастағы ер адам екі айдан бері табылмай жатыр, деп жазады Alash.kz
«Лидер» еріктілер ұйымы 1990 жылы туған Бауыржан Олжас есімді азаматтың жоғалуына қатысты дабыл қақты.
«Өкінішке қарай, Бауыржан Олжастан әлі күнге дейін ақпарат жоқ. Оны іздеп жатқан адамдар Бауыржан барады-ау деген аймақтардың бәрін тексерген. Олжас, егер осы хатты оқып отырсаңыз, бір хабарыңызды беріңіз. Жақындарыңыз бен достарыңыз сізді күтіп жүр. Сіздің бір қоңырауыңыз жақындарыңыздың көңіліне медеу болып, жасын тоқтата алады», - деп жазған еріктілер.
Белгілі болғандай, ер адам 19 мамыр күні үйінен шығып, кейін қайта оралмаған.
«Биыл 19 наурыз күні үйіндегі ұрыс-керістен кейін Әуезов ауданы, Таугүл-3 шағын ауданы, Мұхамеджанов,71 мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, үйіне қайтып оралмаған. Бойы 190 см, орта денелі ер адам. Шашына ақ түскен. Жоғалған күні қандай киім кигені белгісіз», - деп жазады еріктілер.