Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Түркістанда 10-сынып оқушысының мәйіті табылды

17:51, 05 наурыз 2025 981

Түркістан облысында 10-сынып оқушысының өлімінің себептері анықталуда, деп хабарлайды Alash.kz.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында 10-сынып оқушысының денесі табылды. Полиция мәліметінше, жасөспірім өзіне қол жұмсаған.

Қайғылы оқиғаның себептері әлі белгісіз.

Қазіргі уақытта мектеп оқушысының өліміне қатысты «Кәмелетке толмаған адамға қорқыту, қатыгездік жасау немесе жүйелі түрде адамдық қадір-қасиетін кемсіту арқылы оны өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Қылмыстық іс бойынша процестік прокурор тағайындалды. Тиісті нұсқаулар берілді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық іс облыстық прокуратураның бақылауында», – деп хабарлады өңірлік прокуратура.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар