Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Қосшыда балабақшаға бара жатқан 7 бала ауыр жол апатына түсті

10:27, 09 сәуір 2025 776

Қосшыда балабақшаға бара жатқан жеті бала жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Alash.kz.

Балаларды тасымалдайтын «Тойота» шағын автобусы маршруттық автобуспен соқтығысып, инерциямен аялдамаға соғылған.

Он жолаушының жетеуі ауруханаға жеткізілді.

Апат бүгін таңертең «Орман алабы» тұрғын үй алабында, №2 үйдің жанында болған. Маршруттық автобус «Тойота» автокөлігімен соқтығысқан. Автобуста 10 бала болған.

«“Iveco” автокөлігімен соқтығысқаннан кейін “Тойота” шағын автобусы инерциямен автобус аялдамасына соғылды. Шағын автобуста балабақшаға апара жатқан 10 бала болған. Солардың жетеуі Астана қаласының ауруханасына қосымша тексерілу үшін жеткізілді», – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар