7 тамызда Алматы көшелерінің бірінде егде әйел автобустың астында қалып, жан тапсырды, деп жазады Alash.KZ.
Жол апаты “Айнабұлақ” ықшамауданында болған. Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып, Жұмабаев көшесімен қиылыста оңға бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
“Жаяу жүргінші жолды оңтүстік бағытта кесіп өтпек болған. Соққы салдарынан 1957 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды” деп нақтылады полицияның баспасөз қызметі.