Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жанқош Тұраров зорлады деген Әнару Құрманәлінің белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлінің қызы екені айтылды

20:37, 25 тамыз 2024 493

SMARTNEWS.KZ басылымы Әнару Құрманәлінің композитор Қалдыбек Құрманәлі мен марқұм ақын Ақмаржан Таубаеваның қызы екені туралы тараған ақпаратты алға тартты. Бұл туралы TikTok желісіндегі UlysPro атты парақша бейнежазба жариялап, мәлімдеген, деп жазды Alash.kz ұлттық порталы.

«Жанқош зорлады деп мәлімдеген Әнару Құрманәлі белгілі композитордың қызы. Оның әкесі белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлі кезінде «Қазақ эстрадасындағы қыздардың 90 пайызы жезөкше» деп айтқаны үшін басы дауға қалған», - деп жазылды бейнежазбада.

Белгілі болғандай Қалдыбек Құрманәлінің Ақмаржан Таубаевадан Әнасыл есімді ұлы мен Әнару есімді қызы бар. Марқұм ақын Ақмаржан Таубаева 2016 жылы өмірден өткен еді. Анасының қазасын ұмыта алмаған Әнару бар мұңын Жанқош Тұраровқа айтқан. Ол соңғы рет 12 тамызда боксшымен кездескенде, оған анасына арнаған өлеңін оқып бергенін, бірақ Жанқош өлеңді тыңдамастан оны зорлап тастағанын айтқан. 

«12 тамыз күні түнде келді. Менің ойым – оған жандүниемде не болып жатқанын айту еді. Анам туралы айтып, жүрегімді ақтарғым келді. Анама шығарған өлеңімді оқыдым. Сол күні оған «өмірімді құрттың» деп жыладым. Тамыздың 19-күні полицияны шақырдым. Оған дейін мен депрессияда жүрдім. Неге арыз жаздым десеңіздер, себебі мен шаршадым, жеті жылдан бері өмірім өтіп жатыр. 20 тамызда онымен полиция бөлімшесінде кездестім. Беттестіру кезінде менен кешірім сұрап, ақшалай көмектесетінін айтып, 2 млн теңге аударамын деді. Мен «ақша да, ештеңе де керек емес, психологиялық жағдайым дұрыс, балалық шағым бақытты өтті, маған анамның өлімі мен сіздің маған істегеніңіз жара салды» дедім. Енді істі полиция тергеп жатыр», - деді Әнару Қалдыбекқызы.

SMARTNEWS.KZ басылымының жазуынша, бұған дейін сазгер Қалдыбек Құрманәлі әншілер балаларының кімнен екенін өздері білмейді деген мәлімдеме жасап жұртты шулатқан еді. 

«Кейбір әншілер бар, төрт баласы бар, төртеуінің кімнен екенін өзі де білмейді, ұмытып қалған. Мен ештеңе демес ем. Олар сахнада тұрып, махаббатқа, өнерге адалдық, отбасы құндылығы туралы айтады. Адамның бетінен ұят кеткеннен кейін айтыла береді екен», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Жеңіл жүріске түсіп кеткен өнер адамдарын сынның асына алған Қалдыбек Құрманәлі ондай жандарға артық ештеңе айта алмайсың дейді. Өнердегі адамдардың ішінде өнерде де, өмірде де адал адамдар өте аз деп өкінді ол. 

«Өнер адамы ретінде айтатыны ауыр тиеді. Маған әйелім ғана тиесілі. Сондықтан біреуге айта алмайсың. Айтып та көрген едік. Бірақ Қалдыбектің дәрежесіз төмен екен ғой деп сөгеді. 90% жезөкшелер ғой. Бәрі күліп мазақ қылады. Олар көп екен ғой», - дейді Қалдыбек Құрманәлі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар