Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жанқош Тұраров тағы бір қызды дәрімен зорлаған, одан баласы бар". Әнарудың адвокаты тағы бір сұмдықтың бетін ашты

10:56, 30 тамыз 2024 3732
Әнару Қалдыбекқызының ісі бойынша қорғаушы Жанқош Тұраровқа қатысты тағы бір дерек айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Aikyn.kz-ке сілтеп. 
 
Қорғаушының айтуынша, Жанқош Тұраров 2014 жылы Индира есімді тағы бір қызды дәл Әнару сияқты алдап, қонақүйге апарып, дәрі беріп, зорлаған:
 
"Жанқош Тұраров 2014 жылы Индира есімді тағы бір қызды дәл Әнару сияқты алдап, қонақүйге апарып, дәрі беріп, зорлаған екен. Индираның боксердан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда болған. Индирадан сұхбат алғысы келетін журналистер жекеге шықса болады. Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық", -деп жазған ол Әнаруға қатысты бар шындықтың бетін ашқан.

Сонымен қатар, қорғаушы Әнару Қалдыбекқызының Жанқош Тұраровтың әрекетіне бұрын да шағым түсіргенін, алайда полиция өкілдерінің дәрменсіздік танытқанын мәлімдеді. 

«Әнару Жанқош Тұраровтың үстінен 2018 жылы Алмалы аудандық полиция бөліміне арыз берген екен. Бір күн қамауда ұстап, арызын қабылдамай, жіберген. Куә болған құрбысы бар», - деп жазды қорғаушы.

Ал 2023 жылы Әнару Қалдыбекқызы Жанқош Тұраровпен қарым-қатынасты тоқтататынын айтқан. Егер жайына қалдырмаса, арыз жазатынын ескерткен:

«Артынша көшеде Әнаруды полицейлер ұстап, машинаға салып, Жетісу аудандық полиция бөлімшесіне алып келіп, бірнеше сағат ұрып-соғып, электрошокермен күйдіріп, қинаған. Себеп-салдарын айтпаған. Не болғанын да түсінбеген Әнару Қалдыбекқызы ұрып-соққан полиция қызметкерінің үстінен арыз түсірген. Іс сол күйі жабылып қалған. (!) Қайта арызданамыз», - деп жазды Ахатова.

Еске сала кетейік, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын", – деп жазды Instagram парақшасында ол.

Бірнеше күн бұрын "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. "Ал соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар