Әнші Жазира Байырбекова жұбайы Жанболат Ербатыровтың қаталдығы туралы сыр шертті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Шынында да, басында Жанболат маған: "Мына киімді ки, мына киімді киме" деп, 45 жасқа дейін өте қатал болды. Күйеуімнің айтқанын орындап, онымен ерегеспей, отбасының тыныштығын сақтап жүргенімнің арқасында Алла маған бақ берді деп ойлаймын. Енді-енді осы жастан бастап Жанболат: "Сен мынадай ән айтсаңшы, мына жаққа барып қайтпадың ба? Ұйықтап алмадың ба?" деп, менің жағдайымды жасай бастады. Жасым ұлғайған сайын мені сыйлай бастады", - деді Жазира Байырбекова Жетінші арнаның "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында.