Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңанормаларына арналған ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқанға 5,8 мыңнан астам алматылық жас қатысты, деп жазады Alash.kz.
Алматы қаласында Қазақстан РеспубликасыКонституциясының жаңа нормаларын түсіндіруге, жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, азаматтықжауапкершілік, заңдылық және қоғамдық қатысуқағидаттарын ілгерілетуге бағытталған бірқатарқалалық іс-шаралар өтті. Іс-шараларды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.
Бірнеше күн бойы комьюнити-орталықтарда, қоғамдық кеңістіктерде және жоғары оқу орындарындағылыми-сараптамалық диалог алаңдары, шығармашылық және акустикалық кештер, экологиялық акциялар, ашық дәрістер, подкасттар, флешмобтар мен ақпараттық-түсіндіру кездесулеріұйымдастырылды. Іс-шараларға жалпы 5,8 мыңнанастам адам қатысты.
Қатысушылар қатарында студенттер, жасғалымдар, ғылыми қауымдастық өкілдері, жұмысістейтін жастар, қала базарларында еңбек ететінжастар, белсенділер, еріктілер, «Жасыл ел» жастареңбек жасақтарының сарбаздары, жастарұйымдарының өкілдері, Алматы тұрғындары жәнебасқа да жастар болды.
Негізгі іс-шаралардың бірі ретінде Әуезовауданындағы Комьюнити-орталықта өткен«Қазақстанның болашағын қалыптастырудағыжастардың рөлі» атты ғылыми-сараптамалық кездесуұйымдастырылды. Кездесу барысында қатысушыларконституциялық реформалардың маңызын, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістерді жәнежастардың еліміздің дамуына қосатын үлесінталқылады.
«Конституция – еліміздің орнықтыдамуының берік негізі. Ол әрбір азаматтыңқұқықтары мен бостандықтарына кепілдікбереді, жастарға сапалы білім алуға, еңбек етуге, қоғамдық өмірге араласуға және өз әлеуетінтолық жүзеге асыруға мүмкіндік ашады», – дедіД.А. Қонаев атындағы колледждің директоры РайханБөлекбаева.
Қатысушылардың ерекше қызығушылығын«Гүлдер» саябағында өткен «Жас Fest» шығармашылық кеші тудырды. Музыка, поэзия жәнешығармашылық қойылымдар арқылы жастар әділдік, теңдік, азаматтық бірлік және заңға құрмет сияқтықұндылықтарды дәріптеді.
«Конституция – мемлекеттің негізгі заңығана емес, қоғамды біріктіретін құндылықтаржүйесі. Жастар оны жай ғана ресми құжатретінде емес, күнделікті өмірінің негізі ретіндеқабылдауы маңызды», – деді «JAIDARMAN» жобасының Алматы филиалының директоры ОңдасынҚұлымбетов.
Науқан аясында сондай-ақ «Жастардың өзін-өзіжүзеге асыруының жаңа мүмкіндіктері» аттыакустикалық кеш, «Конституция менің көзіммен» ақпараттық-түсіндіру акциясы, мемлекеттік рәміздердіпайдаланудың жаңа қағидаларына арналған подкаст және «Конституция үні» атты бейнефлешмобұйымдастырылды. Флешмобқа қатысушыларКонституция баптарын оқып, Негізгі заңның маңызытуралы өз ойларымен бөлісті.
Азаматтық жауапкершілік тақырыбыныңпрактикалық жалғасы ретінде Сайран көлініңжағалауында «Таза Қазақстан: Жасыл Ел – таза болашақ» экологиялық акциясы өтті. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары, еріктілермен белсенді жастар жағалау аумағын тазалап, қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстарына қатыстыжәне қоршаған ортаны қорғаудағы жастардың рөлінталқылады.
«Қоршаған ортаны қорғау – тек экологиялықмәселе ғана емес, сонымен қатар азаматтықжауапкершіліктің маңызды көрінісі. Әрбір жасэкологиялық акцияларға қатысу және қоғамдықкеңістіктерге ұқыпты қарау арқылы қаланыңтазалығына өз үлесін қоса алады», – дедіProjectVirus_Almaty жобасының жетекшісі ДулатНәбиев.
Конституциялық құндылықтарды насихаттаужұмыстары 1 шілдеге дейін-ақ басталған болатын. 22–25 маусым аралығында Алматының жетекші жоғарыоқу орындарында профессорлық-оқытушылыққұрамның, жас ғалымдар мен студенттердіңқатысуымен 13 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасыөткізілді. Кездесулер барысында Конституцияның жаңанормалары, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарымен міндеттері, сондай-ақ жастардың азаматтыққоғамды дамытудағы рөлі кеңінен талқыланды.
Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруғабағытталған іс-шаралар 10 шілдеге дейін Алматы қаласының жоғары оқу орындарында, комьюнити-орталықтарында және қоғамдық кеңістіктеріндежалғасады. Олар тағы бірнеше мың жастыКонституцияның негізгі құндылықтары мен құқықтықмемлекет қағидаттары төңірегінде біріктіреді.