Жамбыл облысында жан түршігерлік көлік апаты болды. Жас келіншек 2 жастағы баласымен бірге тірідей өртеніп кетті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық тас жолының 369-шы шақырымында «Мерседес» автокөлігі қатты жылдамдықпен келіп, жол жиегінде тұрған BMW көлігіне соқтығысқан.
«Жүргізуші рульді басқара алмай қалса керек, қазір ол ұсталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.