Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жамбастағы жаралар мен бас-сүйек ми жарақаты: Сотта Нұрқанат Ғайыпбаев туралы тың дерек айтылды

11:13, 28 мамыр 2025 1186

Бүгін Талдықорғанда Шерзат Полаттың өлімі бойынша сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды ALASH.KZ  Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Талғардағы төбелес кезінде жараланған Нұрқанат Ғайыпбаевқа медициналық сараптама жүргізген маман Жолымбетов келді.

Маманның айтуынша, сот-медициналық куәландыру 2024 жылғы 9 қазанда, яғни, оқиғадан кейін бірнеше күн өткен соң жасалған. 

Тексеру нәтижесінде Ғайыпбаевтың денесінен түрлі жарақаттар табылған:

Сол жақ көздің астында 3–5 см көлеміндегі көгерген қанталау, оң жақ құлақ қалқанының өсіндісінде 2,0×1,0 см мөлшеріндегі қанталау анықталған. Шүйде тұсында жұмсақ тіндердің ісінуі мен қабынуы байқалған.

Бел аймағында қызыл түсті жұқа жара (мөлшері – 15×4,0 см), оң жақ жамбаста бірнеше қиғаш және тік жаралар тіркелген (1,2×0,1 см; 1,0×0,1 см және 0,8×0,1 см). Сондай-ақ жамбастың төменгі бөлігінде 8,0×3,0 см көлеміндегі терісі сыдырылған жара болған.

Сол жақ тізе буынының алдыңғы жағында үш жара (мөлшерлері – 1,1×1,0 см; 0,9×0,8 см; 0,9×0,7 см), оң жақ шынтақ буынының алдыңғы және сол жақ шынтақтың артқы жағында да жарақаттар анықталған.

Медициналық құжаттарға сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаевқа келесі клиникалық диагноз қойылған:

  • Бас сүйек-миының жабық жарақаты, ми шайқалуы
  • Маңдай бөлігіндегі жұмсақ тіндердің соғылуы, терінің сыдырылуы
  • Шүйде аймағындағы қанталау
  • Кеуде қуысы мүшелерінің жабық жарақаты
  • Екі шынтақ буыны мен тізе буынының жұмсақ тіндерінің зақымдануы
  • Оң жақ жамбастағы көптеген кесілген жаралар

Сараптама қорытындысы бойынша, Ғайыпбаевтың денсаулығына жеңіл зиян келгені анықталды. Бұл жарақаттар қатты тұйық заттар мен шанша-кесетін құралдардың әсерінен пайда болуы мүмкін.

Жамбастың оң жағындағы жарақаттар шаншыла-кесілген сипатта болғанымен, ірі қан тамырлар зақымданбаған, сондықтан олар да жеңіл жарақаттар қатарына жатқызылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар