Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жаман пікірлер жауып жатыр… Жыладық”. Бұрын тұрмыста болған қызын ұзатқан әнші елдің сынына жауап берді

09:57, 22 тамыз 2025 728

Қызын ұзатқан Наркенже Серікбаева өзіне айтылған сынға жауап берді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Желі қолданушылары бұрын тұрмыста болған қызын ұзатқан Наркенженің әрекетін сынға алған болатын.

"Кешелі бері біздің үйдің қуанышы, бүкіл әлеуметтік желіп желіні жаулап, жақсылы жаманды пікірлер жауып жатыр. Өсекке емес, өсиетке терең болған елміз ғой, қашанда жақсы ойда, жақсы ниетте, жақсы тілекте болайық! 
Жанымның саясы болған Жансая қызым, Шырайлы Шымкенттен, Жазиралы Жаркентке ұзатылды. Қимастықпен шығарып салдық. Толқыдық, жыладық, қуандық… Жаныңның бөлшегін қапияда, жат ұяға қиып беру әрине оңай емес. Дегенмен жастар бір-бірін ұнатып, білек ұстасқан соң батамызды бердік. Қызымды дәл осылай ұзатамын деп армандадым, ниет еттім. Мен ұзатқан қыздар қайтып келмеген, - деді дәстүрлі әнші". 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар