Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жаман болса да бітім артық": Зеленский Путинмен сөйлесер алдында Тоқаевқа қоңырау шалды

18:07, 10 тамыз 2025 740

Украинаның бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп Alash.kz ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының украин халқына, оның тарихына, мәдениетіне және тіліне айрықша құрметпен қарайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинада халықаралық құқық қағидаттарына негізделген бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін жеткізді.

Президент Астананың әуел бастан әділдікке сүйенген бейбітшілік формуласын бірлесе іздеуді қолдағанын және бұл ұстанымын БҰҰ Жарғысын, мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қол сұқпау қағидатын сақтау тұрғысынан үнемі білдіріп келе жатқанын еске салды.

Тоқаевтың пікірінше, қазіргі күрделі жағдайда қақтығысты байыппен шешіп, Украина мемлекеттілігін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету аса маңызды. Ол тараптар ежелден айтылатын "Жанжалдан, жаман болса да бітім артық" деген даналыққа сүйене отырып әрекет етуі тиіс екенін айтты.

Қазақстан Президенті территориялық мәселелердің халықаралық қатынастардағы ең күрделі түйткілдердің бірі екенін түсінетінін, бейбіт келісімге немесе бітімге қол жеткізу жолында мұндай даулардың көбіне еңсерілуі қиын кедергіге айналатынын атап өтті. Дегенмен қазіргі басты міндет – халықаралық кепілдіктер арқылы Украинаның мемлекеттілігін сақтап қалу.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Украинамен өзара тиімді ынтымақтастықты түрлі бағытта белсенді дамытуға дайын екенін жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар