Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жалғыздық адамды шаршатады. Зәкеңді қайта-қайта еске аламын”. Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

10:30, 04 мамыр 2025 418

Әнші Мақпал Жүнісова жеке өмірі туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Қызымның айтқанын тыңдаймын. Сәл сырқаттанып қалсам, жаны шығып кете жаздайды. Мама, сен ауырмашы, сен әлі керексің дейді. Ақыл айтып қоятыны да бар. Балам емес, менің досым сияқты. Сырымның бәрін Мерейге айтып отырамын. Мұңымды шағамын. Оны бала ғой демеймін. 

«Мама, мына шешіміңіз дұрыс екен, мына әнді айтқаныңыз дұрыс болды» деп пікірін айтып отырады. «Мерей, мына жерге барсам қалай қарайсың?» деп кейде ақылдасамын, сол кезде «мама, бармай-ақ қойыңыз» деп оған да ақыл-кеңесін береді. Кейде жалғыздық деген адамды шаршатады ғой. Зәкеңді қайта-қайта еске алатын кездерім болады. Ондайда халықтың өзі басу айтады. Сіз жалғызбын деп айтпаңыз, біз бармыз, сізді жақсы көретін халық бар екенін ұмытпаңыз, сіз бақытты болуға лайықсыз, сіз бақыттысыз деп жатады. Әрине, халықтан үлкен емеспіз. Ұлық болсаң, кішік бол деген. Халықтың сөзін тыңдаймын. Өйткені бізге баға беретін де, көкке көтеретін де халық. Сүрініп кеткенімізді кешіретін де халық. Ал сахнада өзімді бақытты сезінетінім рас», - деді әнші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар