Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалғыздың үні шықпас… Денсаулығым нашарлап кетті: Жұлдыз Әбдукәрімова үйсіз сандалып жүргенін айтып елді жылатты

09:42, 29 қаңтар 2025 1695

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өз уайымын ашық айтып, оқырмандарын ойландырып қойды, деп хабарлайды Alash.kz.

Актриса Instagram парақшасында алаңдататын тақырыппен жазба жариялады.

Бұған дейін ол өзін “арам ниетті адамдар тобының” алдап кеткенін айтқан еді. Бұл топқа белгілі бір компания басшылары мен олардың жақын туыстары кірген. Солардың бірі Диляраесімді қыз болған. Ол Жұлдыздың сеніміне кіріп, оның пәтерін элиталық қалашықта салынып жатқан коттеджге айырбастауды ұсынған.

Алайда, 2022 жылдан бері актриса бұл мүліктің иесі бола алмаған.

Бірінші инстанциядағы сот оның пайдасына шешім шығармағандықтан, Жұлдыз Жоғарғы сотқа жүгінуді жоспарлаған.

2025 жылдың басында Диляра актрисаға қоңырау шалып, кездесуді өтініп, барлық талаптарын орындайтынын айтқан. Бірақ сол кездесуден кейін Жұлдызға Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері әр 30 минут сайын хабарласа бастаған.

Қоңыраулар күндіз-түні толастамаған.

Полицейлер Жұлдыздың ІІМ-ге бару жоспарын тоқтатуды сұрап, 20 қаңтарға дейін мәселесін шешуге уәде берген.

“2024 жылы көптеген сынақтар болды. Мен үндемеуге, жыламауға тырыстым. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде заң мен әділдікке шексіз сендім. Сол сеніммен барлық инстанциялардан өттім. Бұл жағдай отбасымның жағдайына қатты әсер етті. Соңғы төрт жылда пәтерден пәтерге көшуіміз өте қиын болды. Кім білген, мені алдайды деп?!” – деп жазды Жұлдыз.

Актрисаның айтуынша, сот басталмай тұрып, ол Дилярамен бірнеше рет кездескен. Ол әділетсіздік жасаған адамның ар-ұяты оянып, пәтерін қайтарады деп үміттенген. Бірақ бұл үміт ақталмаған.

“Осындай кездесулердің бірінен кейін денсаулығым нашарлап кетті. Дәрігерлер ауруханаға жатуым керек деді. Балаларымды қараусыз қалдырмас үшін бір апта күндізгі стационарда ем қабылдадым. Бірақ жағдай жақсарған жоқ. Түсірілімдерім мен жобаларым тоқтап қалды. Табыс табу қиындай түсті. Сөйтсем, бұл қиындықтардың тек басы ғана екен…” – деп бөлісті актриса.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар