Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жалған сөздер. Қарыздарым бар»: Әйел үстіне әйел алған блогер ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

11:39, 07 қазан 2026

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан блогер Айтуған Ғалымов өз отбасына қатысты тараған қауесеттерге қатысты жауап беріп, елге оралу жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол НТК арнасының «Не дейді?» бағдарламасында берген сұхбатында өз атына айтылған айыптарды толығымен теріске шығарды.

«Жұрт арасында айтылып жатқан сөздер мен тараған ақпараттардың барлығы — шындыққа жанаспайтын жалған сөздер. Мен адам баласына қол көтермек түгілі, біреуге қысым көрсетіп, жөнсіз тиісетін адам емеспін», — деп ағынан жарылған блогер қолында өзін ақтап алатын нақты құжаттары бар екенін жеткізді.

Оның сөзінше, елге келген соң барлық мәселенің басын ашып, Ильнура мен Сейфоллаға қатысты деректерді жария етуге дайын.

Өзінің қаржылық міндеттемелері мен елге оралу мерзіміне де тоқталған блогер:

«Қазіргі уақытта белгілі бір қарыздарым бар. Соларды өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Барлық қаржылық мәселелерді шешкеннен кейін, Алла қаласа, елге қайтамыз деген ойымыз бар. Нақтырақ айтқанда, қазан айының 15-20-сы аралығында оралуды жоспарлап отырмыз», — деді.

Сонымен қатар, ол ішкі отбасылық жағдайлардың арзан пиар мен арнайы шоуға айналып кеткеніне қынжылыс білдірді. Ажырасу, қайта отбасын құру немесе қаржылық қиындықтар кез келген шаңырақта кездесетінін айтқан блогер, мұны бүкіл ел болып талқылауды орынсыз деп санап, жұртшылықты сабырға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар