Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жалдамалы жауыздар: Бүгін Алтынбек Сәрсенбаевтың оққа ұшқан күні (ВИДЕО)

09:51, 11 ақпан 2025 422

Бүгін саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың оққа ұшқан күні. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Жанарбек Әшімжан естелік жазбасын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.

Депутат инстаграм әлеуметтік желісіндегі жазбада Алтынбек Сәрсенбаевтың өз өңіріне барған кездегі кездесуден архив видео жариялады. 

Бүгін — сақа саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының оқ құшақтап құлаған күні еді… Жалдамалы жауыздар қос көмекшісімен ұрлап әкетіп… сүйектері тау бөктерінен табылған. Бұл 2006 жылдың 11 ақпаны болатын. … Мына видео Алтекеңнің туған жеріне барған сапарларының бірі. Өте жып-жылы таспа. Таспада қазақтың көрнекті ақын-жазушылары, марқұмдар Тұманбай Молдағалиев, Сәкен Иманасов, Баққожа Мұқайдың  бейнелері бар. Сарыжаз ауылының іргесіндегі бөлімшесі Ақбейіт секілді. Маңайын қоршап тұрған негізінен Алтынбек ағамыздың кластастары, біразын таныдым. Ішінде Сарыжаз, Қарасаз ауылдарын басқарған Жантелі балуан ағамыз да жүр. Алтекеңнің әрбір дос-бауырымен қимай қоштасып, риясыз күліп тұрған тұлғасы көңілді толқытты. Осындай өз халқынан жаулық күтпейтін, өз ұлтының бақыты үшін күрескен, әділеттілік жолында ханға да, қараға да қаймықпай тік қарап сөйлеген Көкжалды қаскөйлер қалай көзі қиып атты екен… Атқанға да, аттырғанға да Құдайдың түбі бір зауалы болады”,- деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар