Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жалаңаштанғаны үшін ақша". Әйелді интимді видеомен бопсалаған екі ақтөбелік 4 жылға сотталды

09:33, 20 шілде 2024 772

Ақтөбе облысында әріптесінен интимдік сипаттағы видеоны алға тартып ақша бопсалаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Бастапқыда екі ер адам әйелден видеомен бопсалап, 150 мың теңге талап еткен. Кейіннен видеоны әлеуметтік желіде таратамыз деп қорқытып, 300 мыңға дейін ақша алмақ болған. Әйел бопсалаушылардың айтқанына көнбей, олардың үстінен полицияға арыз жазған.

Бопсалаушылардың бірі ақшаны алып жатқан жерінде ұсталған, екіншісі де  көп уақыт өтпей қолға түскен. 

Жәбірленуші оларды кешіргенін айтып, түрмеге тоғытпауын өтінеді.Сот жігіттердің бірін 4 жылға, екіншісін 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Реті келгенде айта кетейік, интимдік көріністерді бейнелейтін видеоның жігіттің қолына қалай түскені белгісіз. Қолына бейнекадр түскенде жәбірленушіні бопсалауға досын да шақырып, ақша өндірмек болыпты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар