Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жала жабылған болса...": Ләйлә Сұлтанқызы әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты пікір білдірді

10:47, 03 ақпан 2025 356

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы айыпталып жатқан әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.  

БАҚ өкілі кезінде әншінің сахнаға шығуына көмектесіп, продюсер болған еді. 

“Алмас туралы… Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен, өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса, қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса, 17 жастағы бала ата-анасымен бірге кешірім сұрап, іс жабыла сала ма? Ал айрандай төгілген Алмастың абыройы ше?, – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Еске салайық, бұған дейін әнші Алмас Кішкенбаевтың жасөспірімге тиіскені үшін полицияға жеткізілгені туралы ақпарат тараған еді. 17 жастағы баланың айтуынша, сыраға шамамен 40 жастағы ер адам тапсырыс берген. Ол алкогольді алып, кейін курьерге бірге ішуді ұсынған. Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жағынан ұстап алған. Курьер дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар