Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жағдайы нашарлап кетті: Ермұрат Бапи ұшақта ауырып қалды ма?

10:14, 06 қаңтар 2025 364

Бұған дейін желіде бір жолаушының Алматыдан Пхукетке ұшып бара жатқан жолда жағдайы нашарлап кеткенін, борттағылар Алматыға қайтуды бір ойлап барып, қайтадан жолын жалғастырғанын, жолаушының жағдайы жақсарғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Бұл туралы Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жазбада келеке еткен сипатпен “ол жолаушы Ермұрат Бапи екен, сайлаушыларымен кездесуге бара жатқан шығар” делінген.

Ulysmedia.kz порталы депутатпен байланысқа шықты. Бапи бортта қысымы түсіп кеткенін растады. Бір жақсысы, борттан бір дәрігер табылып, қысымды өлшеп, стюардессалар кофе берген. Алайда ұшақтың шұғыл түрде қонатыны жөнінде, штаттан тыс жағдайға себеп болар оқиға болмаған. 

– Мен Таиландқа жоспарланған иглотерапияға бара жатқанмын. Уайымдамаңыздар. Бәрі жақсы, – дейді ол.

Ол жерде түгелдей анализ алып, қан, бауыр, бүйрек, гистология, биопсия, паразит, микробтарға дейін тексеріп, ештеңе таппаған. Кейін депутат Еуропаға барып, бір рет емделіп келген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар