Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жағдайы ауыр": Министр 6 ай комада жатқан сарбаз туралы айтты

20:50, 02 қыркүйек 2024 1136
 

Алматыда әскери бөлімде 6 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы бақылауда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды Alash.KZ inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Министр сарбазға қосымша күтім көрсету мәселесін қарастыратынын айтты.

"Ербаянның жағдайы бақылауда. Тиісті көмекті көрсетіп жатырмыз. Қазір оның жағдайы ауыр. Сіздер айтқан қосымша күтім көрсету мәселесін қарастырамыз. Қосымша (күтім көрсететін) персонал керек болса, қамтамасыз етеміз", – деді Ақмарал Әлназарова Астанада Парламенттің бірлескен отырысынан соң.

Еске салайық, Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар құлап, комаға түскен еді. Ол 6 айға жуық уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, биыл мамырда есін жиған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар