Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жағдай ушығып кетті: Катар билігі елге соққы жасаған Израильді енді аямайтынын айтты

09:04, 10 қыркүйек 2025 986

Катар билігі Израильдің Дохаға жасаған шабуылына құқықтық тұрғыдан жауап беру үшін заңгерлер тобын құратынын мәлімдеді, деп Alash.kz ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдуррахман Әл Тани Al Jazeera арнасында тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

"Катар Израильдің шабуылына құқықтық жауап беру үшін заңгерлер тобын құрды", – деді ол.

Сонымен қатар, соққы ХАМАС қозғалысының штаб-пәтеріне ғана емес, бейбіт тұрғындар орналасқан тұрғын үйлерге де тигенін атап өтті.

Катар премьерінің айтуынша, Израильдің Дохадағы палестиналық ХАМАС саяси бюросы мүшелерінің резиденцияларына жасаған шабуылы халықаралық құқықты және моральдық нормаларды бұзады.

"Бүгін болған жағдай – мемлекеттік терроризм актісі әрі аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты шайқалтудың әрекеті. Израильдің Катарға жасаған шабуылы – бұл тек халықаралық құқықты ғана емес, моральдық қағидаларды да бұзу", – деді Әл Тани.

Сондай-ақ, ол Израильдің Дохаға жасаған соққылары Газадағы жағдай бойынша АҚШ-тың өтінішімен жүргізіліп жатқан келіссөздерге зиян келтіргенін атап өтті.

"Келіссөздер АҚШ-тың өтініші бойынша жүріп жатқан еді. Соған қарамастан, Израиль бұл күш-жігерді әлсіретті", – деді Катар премьер-министрі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар