Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жәбірленушілер уәждерін айтты»: Шавкат Рахмоновтың әйелінің сот ісіне қатысты ел естімеген ақпарат шықты

15:19, 03 наурыз 2026

Алматыда екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот отырысында жәбірленуші тарап айыпталушы Гүлайым Рахмоноваға ешқандай талаптары жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайтыс болған әйелдердің бірінің әкесі оқиғаның мән-жайын тек кеш батқанда естігенін айтты. Оның сөзінше, қайғылы жағдайдан кейін сотталушының туыстары мен екінші марқұмның анасы олардың үйіне арнайы барып, болған іске өкініш білдіріп, кешірім сұраған.

Сот залында сөз алған ер адам: «Кешірім беремін. Бұл – жол, ол жерде не боларын ешкім білмейді», – деп мәлімдеді.

Екінші жәбірленуші тарап та адвокаты арқылы сотталушыға қарсы шағымы жоқ екенін растады.

Сот барысында белгілі болғандай, айыпталушы Гүлайым Рахмонова қазіргі уақытта бесінші баласына жүкті. Мемлекеттік айыптаушының дерегінше, оқиғаға себеп болған көлік оның атына 2024 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Сондай-ақ прокурор соңғы бір жыл ішінде аталған көлік иесінің атына жол ережесін бұзғаны үшін 19 рет айыппұл жазылғанын атап өтті.

Өз кезегінде қорғаушы тарап бұл құқық бұзушылықтардың барлығына бірдей Гүлайым Рахмонова жауапты емес екенін айтады. Адвокаттардың уәжінше, көлікті сенімхат негізінде Шавкат Рахмонов пен отбасының басқа да мүшелері тұрақты түрде басқарған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар