АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен Израиль арасында атысты толық тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Барлығын құттықтаймын! Израиль мен Иран арасында атысты толық тоқтату жөнінде келісім жасалды. Келісім шамамен алты сағаттан кейін, тараптар қазіргі операцияларын аяқтаған соң күшіне енеді. 12 сағат ішінде атыс толық тоқтайды, ал 24 сағаттан кейін бұл соғыстың ресми түрде аяқталуы ретінде жарияланады” - деп жазды Трамп.