Ыстамбұлдың Карталтепе ауданындағы Беледие көшесінде орналасқан төртқабатты ғимарат жергілікті уақыт бойынша сағат 08:45 шамасында (Астана бойынша 10:54) құлады, деп хабарлады NTV түрік телеарнасы. Ғимараттың қирау себебі белгісіз.
Ғимараттың қирау сәті сыртқы бақылау бейнекамераларына түсіп қалған.
Ыстамбұл қаласының әкімі Давут Гүл 1988 жылы салынған ғимараттың қирап, үйінді астынан жеті адамның алынғанын, әлі екі адам табылмай жатқанын мәлімдеді.
"Оқиға орнына шұғыл жеткен бригадалар үйінділерді аршу жұмыстарын жалғастыруда. Апат болған жерге жылдам жету үшін көшелерде қауіпсіздік жолақтары құрылды. Полиция да аймақтағы қауіпсіздік шараларын қабылдады", делінген телеарна сюжетінде.Ғимараттың опырылу себебі белгісіз.